- Оң жақ кеуде қуысына өткен бытыралы оқ жарақаты;
- Оң жақ өкпенің төменгі бөлігі, қабырға аралық артериялар мен көкеттің көп нүктелі зақымдануы;
- Оң жақ гемопневмоторакс (өкпе мен плевра қуысындағы қан мен ауа жиналуы);
- Ішкі ағзалардың зақымдануы – іш қуысына өткен көптеген жарақаттар, бауырдың зақымдануы, ішкі қан кету;
- Оң жақ бүйрек, иық және білек тұстарының бытыралы жарақаттары;
- Сыртқы қан кету, сондай-ақ плевропульмональды және геморрагиялық шок жағдайы анықталған.
Берденовке жасалған операция 4 сағатқа созылды: дәрігерлер жағдайын баяндады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдан кейінгі жағдайына қатысты дәрігерлер ресми түсініктеме берді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. Шабуылдан кейін шенеунік қалалық ауруханаға жедел жеткізіліп, оған шұғыл операция

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдан кейінгі жағдайына қатысты дәрігерлер ресми түсініктеме берді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шабуылдан кейін шенеунік қалалық ауруханаға жедел жеткізіліп, оған шұғыл операция жасалды. Операция 4 сағаттан астам уақытқа созылған. Алғашқы кезде оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
«Қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады дәрігерлер.
Диагноз: бірнеше мүшеге зақым келген
Операциядан кейін науқасқа мынадай күрделі диагноз қойылған:
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жамбыл облысында құны 1 млрд теңгелік гидротехникалық нысан қирады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әйелі бар еді ғой»: танымал коуч екінші рет үйленді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс қайта ушықты: жаңа әуе соққылары жасалды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
Жаннұр Еділбаева·