Тексеру нәтижесінде Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды. Қадағалау органы бұл әрекетті жазалардың тиімді орындалуын қамтамасыз етпеу ретінде бағалап отыр. Ақтау қаласы прокуратурасы пробация қызметінің жұмысын және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.«Бұл жағдай қала әкімдігіне қарасты құрылымдық бөлімшенің қоғамдық жұмыстардың орындалуын тиісті деңгейде бақыламауы салдарынан орын алған», – делінген прокуратураның ресми хабарламасында.
Ақтауда пробация есебінде тұрған сотталғандар қоғамдық жұмысқа шықпаған: әкімдік сынға ілікті
Ақтау қаласының прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың жазаны орындау тәртібін тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Todayinfo . Прокуратураның мәліметінше, пробация қызметінде тіркелген 87 адамға қатысты қоғамдық жұмыс түр

Ақтау қаласының прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың жазаны орындау тәртібін тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.
Прокуратураның мәліметінше, пробация қызметінде тіркелген 87 адамға қатысты қоғамдық жұмыс түріндегі жаза орындалу барысы зерттелген. Алайда тексеріс нәтижесінде 8 сотталғанның қоғамдық жұмысқа нақты қатыспағаны белгілі болды. Соған қарамастан, есепке алу табелдерінде бұл азаматтар жұмысты толық орындады деп көрсетілген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жамбыл облысында құны 1 млрд теңгелік гидротехникалық нысан қирады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әйелі бар еді ғой»: танымал коуч екінші рет үйленді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс қайта ушықты: жаңа әуе соққылары жасалды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
Жаннұр Еділбаева·