Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Қарсыласын ұрып құлатқан қазақ 100 мың долларға ие болды

UFC мерзімінен бұрын жеңіске жеткен бірқатар спортшыға 25 мың доллар көлемінде қосымша сыйақы тағайындады.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Қарсыласын ұрып құлатқан қазақ 100 мың долларға ие болды
📷 Фото: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC Fight Night 280 турниріндегі жарқын жеңісі үшін 100 мың доллар көлемінде қаржылай бонусқа ие болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.

UFC ұйымы Әзербайжанның Баку қаласында өткен турнирден кейін үздік өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады. Алмабаевтың америкалық Чарльз Джонсонға қарсы жекпе-жектегі әсерлі жеңісі «Кештің үздік өнері» (Performance of the Night) аталымына лайық деп танылды.

Қазақстандық файтер кездесудің үшінші раундында қарсыласын қылқындыру әдісімен (сабмишен) жеңілуге мәжбүрлеп, кәсіби мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді.

Дәл осындай 100 мың долларлық бонусқа әзербайжандық Рафаэль Физиев, түркиялық Абдул-Рахман Яхьяев және украиналық Даниил Донченко да ие болды.

Сонымен қатар UFC мерзімінен бұрын жеңіске жеткен бірқатар спортшыға 25 мың доллар көлемінде қосымша сыйақы тағайындады. Бұл марапат Әзербайжан өкілі Тағир Абдуллаевқа, аустралиялық Каан Офлиге, өзбекстандық Нұрсұлтан Рузибоевқа, бразилиялық Матеус Камилоға және Германия атынан өнер көрсететін Абусупьян Магомедовқа бұйырды.

Ұқсас материалдар