Әлеуметтік желіде кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың жеке өміріне қатысты жазба жарияланып, қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Жазба авторының айтуынша, кәсіпкердің ажырасып жүрген жары – Шымкенттегі белгілі гинеколог Алтынай Ниязованың қызы Жанна. Онда Жаннаның мамандығы дәрігер болғанымен, бұл салада жұмыс істемейтіні айтылған.

"Бұл әйел – Шымкенттегі бірегей гинеколог дәрігер Алтынай Ниязованың қызы. Жанна да мамандығы бойынша дәрігер, бірақ бұл салада жұмыс істемейді. Күйеуі Жұмабек қарапайым ауылдың жігіті болған, тұрмысы төмен отбасынан шыққан. Жанна екеуі Алматыда 1 бөлмелі пәтерде тұрды. Ол пәтерді Жаннаның ата-анасы қыздары алаңсыз оқысын деп сатып алып берген еді. Кейін бұл пәтердің арқасында жас отбасының жағдайы жақсарған", - деді ол.

Аталған ақпарат әзірге әлеуметтік желіде тараған жазбаға ғана негізделген. Жұмабек Жанықұл мен жазбада аталған тұлғалар бұл мәліметтерге қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.