Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Павлодарда ер адам дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасап, жедел жәрдем көлігін талқандады

Күдікті ұсталып, арнайы емдеу мекемесіне орналастырылды.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Павлодарда ер адам дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасап, жедел жәрдем көлігін талқандады
📷 Ашық дереккөз

Павлодарда көшеде жатқан ер адамға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан реанимобиль жүргізушісі зардап шегіп, қызметтік көлікке зақым келді, деп хабарлайды irbistv.kz сайтына сілтеме жасаған Todayinfo.kz.

Оқиға 10 маусым күні Назарбаев көшесіндегі №89 үйдің ауласында болған. Сағат 14:57-де 103 қызметіне көшеде жатқан ер адам туралы өтіп бара жатқан тұрғын хабарлаған.

Жедел жәрдем бригадасы шақырту түскеннен кейін тоғыз минут ішінде оқиға орнына жеткен. Алайда тексеру барысында белгісіз ер адам кенеттен агрессия танытқан. 103 қызметінің мәліметінше, ол медицина қызметкерлеріне пышақпен қорқытып, бригада мүшелеріне шабуыл жасаған.

Жанжал кезінде ер адам жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін жұдырықпен ұрып, кейін реанимобиль салонына кіріп кеткен. Онда ол дәрі-дәрмек салынған ампулаларды сындырып, медициналық жабдықтарды көліктен сыртқа лақтырып жіберген.

«Зардап шеккен медицина қызметкерлері құқық қорғау органдарына тиісті арыз жазды», – деп мәлімдеді  Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы.

Оқиғаға Павлодар облыстық полиция департаменті де түсініктеме берді.

«Жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам ұсталып, мамандандырылған емдеу мекемесіне орналастырылған.

Ұқсас материалдар

Павлодарда ер адам дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасап, жедел жәрдем көлігін талқандады · Todayinfo