FlyArystan басшысы 12 жасар қыздың анасынан кешірім сұрау үшін Оралға ұшып барды
Бүгін (жексенбі, 11 тамыз) FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді. Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan

Бүгін (жексенбі, 11 тамыз) FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді.
Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды.
Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен қосымша бөліседі. Еске ,салайық, әуе компаниясы егіздің сыңары, кәселеттік жасқа толмаған баланы қараусыз қалдырып кеткен еді. Қызметкерлер 12 жастағы оқушыны құжаттарының түгел рәсімделгеніне қарамастан ұшаққа жібермей қойған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Тоқаев Ішкі істер министрінің есебін тыңдады
Айғаным Нариманова·