АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда арнайы операция барысында Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
ICE мәліметінше, өткен жылдың жазында АҚШ-тың иммиграциялық соты қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот отырысына келмеген.
Ведомство мәліметінше, ер адам террорлық қызметке қатысы болуы мүмкін деген күдікке байланысты қамауға алынған. Сонымен қатар оған қатысты АҚШ аумағынан шығару туралы түпкілікті шешім күшінде тұр.




