Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Бішкектегі мектепке Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың аты берілді

Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – Кемел Тоқаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагозов хабарлады. Оның айтуынша, қазақ жазушысы, қаз

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Бішкектегі мектепке Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың аты берілді

Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – Кемел Тоқаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Todayinfo.

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагозов хабарлады.

Оның айтуынша, қазақ жазушысы, қазақ прозасындағы детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың есімін мектепке беру бастамасын Садыр Жапаров көтерген.

Алагозовтың мәліметінше, Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде бұл жаңалықты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бөліскен.

Соғыс жылдары №33 мектеп Фрунзе жаяу әскер әскери училищесі болған. Дәл осы оқу орнын Қазақстан Президентінің әкесі тәмамдап, майданға аттанған.

Бұған дейін Қазақстан Президенті №33 мектепке мектеп автобусы тарту еткен болатын.

Ұқсас материалдар

Бішкектегі мектепке Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың аты берілді · Todayinfo