View this post on Instagram
Алматы көшелерінде машиналар өртке оранды
3 тамыз күні түнгі сағат 22:51-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне Бостандық ауданындағы «Аэлита» тұрғын үй кешені аумағында автокөліктердің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы оқиға орнынан МӨСБ-1 қарауыл бастығы Айдос Суанбеков мәл

3 тамыз күні түнгі сағат 22:51-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне Бостандық ауданындағы «Аэлита» тұрғын үй кешені аумағында автокөліктердің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы оқиға орнынан МӨСБ-1 қарауыл бастығы Айдос Суанбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Оқиға орнына жедел жеткен СПЧ-1 бөлімшесінің өрт сөндірушілері келген кезде Mercedes-Benz және Toyota Camry маркалы екі автокөліктің 3 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Дереу өртті оқшаулау үшін көбік түзетін қоспамен жабдықталған өрт сөндіру оқпандары іске қосылды.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрі шапшаң әрекетінің арқасында от мотор бөлігінен көліктің салонына өтіп кетпей, дер кезінде ауыздықталды. Өрт толықтай сағат 23:03-те сөндірілді.
Тілсіз жаумен күреске барлығы 12 адамнан тұратын жеке құрам мен 2 арнайы техника жұмылдырылды. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Фото: скрин/112almaty_tjd
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Global Trends Report: в мире стало меньше беженцев, но их число все еще высоко
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әскерге ақша төлеп, бармауға болады: Қорғаныс министрлігі жас жігіттер үшін маңызды мәлімдеме жасады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Таразе расследуют гибель несовершеннолетней девочки
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Педофил – Алланың барына дәлел»: Белгілі уағызшының пікірі желідегілердің ашуын туғызды
Айғаным Нариманова·