Жыл басынан бері 14 мың бизнес жобаға қолдау көрсетілді
Жыл басынан бері Үкімет 14 мың бизнес жобаға қолдау көрсетті. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарла

Жыл басынан бері Үкімет 14 мың бизнес жобаға қолдау көрсетті.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеп, қабылдады.
Үкіметтің мәліметінше, биыл 6 айда жаңартылған бағдарлама аясында субсидиялар мен кепілдіктер түріндегі қолдау шараларымен Қазақстанда шамамен 14 мың бизнес жобасы қамтылды: субсидиялау бойынша – 566 млрд теңгеге 8 624 жоба, кепілдік беру бойынша – 178,9 млрд теңгеге 5 381 жоба.
Жақын арада өндірістің технологиялық күрделілігіне қарай мемлекеттік қолдаудың сараланған тетіктерін енгізу жоспарланып отыр. Жоғары технологиялық дайын өнім шығаратын кәсіпкерлер үшін қолдау шаралары ұзақ мерзімге арзандатылған несие беруді қамтитын болады.
Аталған тетіктер бизнесті мақсатты әрі тиімді қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тұрақты экономикалық өсімге және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·