Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң нормалары түсіндірілді

Қызылордада мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және адалдық қағидаттарын нығайту бойынша жаңа заңнамалық өзгерістер таныстырылды.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң нормалары түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 5 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Бибітова Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті мен Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа байланысты белгіленген шектеулер мен жауапкершілік тетіктері жан-жақты түсіндіріліп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңның негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістері таныстырылды.

WhatsApp Image 2026-06-05 at 17.57.59 (1).jpeg

Бұдан бөлек, кадрлық процестердің ашықтығы мен әдеп стандарттарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, барлық кезеңдерде адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу аясында мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадрлық саясатты қалыптастырудың маңыздылығы атап өтіліп, мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын нығайту бағытында пікір алмасу жүргізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсынымдар айтылды.

Ұқсас материалдар