«Жоқ орынға билет сатқан»: Fly Arystan 8 жолаушыны сан соқтырды
Fly Arystan компаниясы Атырау–Ақтау бағытындағы дау шыққан рейс туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo. Олар бастапқыда 188 адамға арналған Airbus A320Neo ұшағы ұшуы керек болғанын айтты. Бірақ оны орнына 180 адам сиятын Airbus A320Ceо ұшағы жіберілген. Бұл жаңа

Fly Arystan компаниясы Атырау–Ақтау бағытындағы дау шыққан рейс туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.
Олар бастапқыда 188 адамға арналған Airbus A320Neo ұшағы ұшуы керек болғанын айтты.
Бірақ оны орнына 180 адам сиятын Airbus A320Ceо ұшағы жіберілген. Бұл жаңа ұшақта 32-қатар мүлде жоқ.
Сондықтан 32С орындығы жүйеде көрінбей қалған. Сол себепті кейбір жолаушылар билет алып, тіркелгенімен, соңында ұшаққа отыра алмаған. Компания бұл жағдайдан шығу үшін рейске барғысы келмейтін адамды іздеген, бірақ ешкім табылмаған. Соның орнына зардап шеккен жолаушыға 100 000 теңгелік ваучер берген.
Бұл ваучер 3 ай ішінде Fly Arystan-ның кез келген билетіне және қосымша қызметтеріне жарамды. Fly Arystan кей орындарды басқа адамдарға қайта сатып жіберді деген айыптарды жоққа шығарды. Мұны “жалған әрі дәлелсіз” деп атады.
Сондай-ақ, видеода айтылған тағы бір жолаушы рейс өзгерген соң колл-орталық арқылы басқа рейске ауыстырылған.
Бірақ соңында бәрібір дәл сол ұшақпен ұшып барған.
Фото: flyarystan
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Сталкеры не подпадут под амнистию – Сенат принял закон в двух чтениях
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткендерге рақымшылық қолданылмайды – Сенат заңды мақұлдады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Италии при трагических обстоятельствах скончался студент из Казахстана
Жаннұр Еділбаева·