Todayinfo.kz
Жетісу облысыБарлық жазбаларды қарау

Жетісудағы жаңашылдық: Екінші ауысымда оқитын балалар енді қалай киінеді?

Жетісу облысында балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды пилоттық жоба іске қосылды. Тәртіп сақшылары ұсынған бұл бастаманы білім басқармасы мен ата-аналар қауымдастығы қызу қолдап отыр. Бұл жоба ең алдымен күн батқаннан кейін сабақтан қайтатын балаларға ар

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Жетісудағы жаңашылдық: Екінші ауысымда оқитын балалар енді қалай киінеді?

Жетісу облысында балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды пилоттық жоба іске қосылды. Тәртіп сақшылары ұсынған бұл бастаманы білім басқармасы мен ата-аналар қауымдастығы қызу қолдап отыр.

Бұл жоба ең алдымен күн батқаннан кейін сабақтан қайтатын балаларға арналған. Алғашқы тәжірибе алаңы ретінде Текелі қаласы таңдалып алынды.

Мұндағы екінші ауысымда білім алатын 1-11 сынып аралығындағы 2,5 мың оқушы толығымен жарық шағылыстырғыш (светоотражающий) арнайы күртешелермен қамтылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік жүргізушілеріне көмек және балаға қорған

Облыстық полиция департаментінің сарапшылары бұл киімнің маңызы зор екенін айтады. Әсіресе, ауа райы бұзылып, жаңбыр жауғанда, тұман түскенде немесе қараңғы мезгілде жүргізушілер жаяу жүргіншіні байқамай қалуы мүмкін.

Ал жарық шағылыстырғыш элементтері бар күртешелер баланы алыстан анық көрсетіп, қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Полицияның бұл ұсынысы ата-аналар тарапынан бірден қолдау тапқаны сондықтан.

1900 іс-шара және кешенді түсіндіру жұмыстары

Тек күртеше таратумен іс бітпейді. Облыстық білім басқармасының дерегінше, жыл басынан бері өңір мектептерінде қауіпсіздік тақырыбында 1900-ге жуық іс-шара өткен. Оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер, алғашқы көмек және жол ережелері жазылған жадынамалар таратылған.

Облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын түсіндірді:

«Оқу жылы бойы «Абайлаңыз, балалар!» апталықтары тұрақты өтеді. Кішкентай бүлдіршіндерге «Жол тәртібін білейік» тақырыбында мультфильмдер көрсетіліп, талданса, жоғары сынып оқушыларымен арнайы сынып сағаттары ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері балаларды жол қиылыстарына апарып, ережені сол жерде түсіндіріп жатыр».

Ұқсас материалдар

Жетісудағы жаңашылдық: Екінші ауысымда оқитын балалар енді қалай киінеді? · Todayinfo