Жетісуда «Таза Қазақстан» қорытындыланды: 100 сенбілік өтіп, үздіктер марапатталды
Жетісуда «Таза Қазақстан» аясындағы жыл қорытындыланды: 3–25 желтоқсанда өңірде 100 сенбілік өтіп, үздік аудандар мен волонтерлер марапатталды.

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бір жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Осыған арналған «ECOFINAL 2025: 100 тазалық қадамы» атты қорытынды іс-шара өтіп, өңірдегі экобастамалардың нәтижесі сараланды.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Кездесудің басты мақсаты – жыл бойғы сенбіліктер мен акциялардың тиімділігін таразылап, табиғатты қорғау мен тазалық мәдениетін күнделікті әдетке айналдыруға үндеу болды. Ұйымдастырушылар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін күшейтіп, волонтерлік қозғалысты дамытуға да мән бергенін айтты.
Айрықша тұсы – бастама облыстың барлық аудан-қаласын қамтыды. 3–25 желтоқсан аралығында «100 тазалық қадамы» көпкүндік акциясы өтіп, өңір бойынша 100 экологиялық сенбілік ұйымдастырылған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·