— Бұл заңдағы басты жаңалықтардың бірі — «сталкинг» үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі. Сталкинг — бұл зорлық-зомбылық қолданылмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін, еркінен тыс тұрақты түрде қудалау, артынан қалмау әрекеттері. Сталкингке мынадай іс-әрекеттер жатады: айтарлықтай зиян келтіріп, адамның жеке шекарасын бұзып, еркінен тыс оның ізіне түсу, қайта-қайта телефон соғу, интернет арқылы бақылаумен қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімін тудыру. Енді мұндай әрекеттер үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған, — деп ескертті ведомство.Заң әрбір адамның жеке кеңістігіне құрметпен қарау қажеттігін айқындап, психологиялық зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алуға бағытталған.
Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды
Фото: freepik Енді адамның жеке шекарасын бұзып, еркінен тыс оның ізіне түсіп, қайта-қайта телефон соғып қорқыныш сезімін ұялатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасыны

Фото: freepik
Енді адамның жеке шекарасын бұзып, еркінен тыс оның ізіне түсіп, қайта-қайта телефон соғып қорқыныш сезімін ұялатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануы азаматтардың құқықтарын қорғау ісінде маңызды қадам болды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Тоқаев Ішкі істер министрінің есебін тыңдады
Айғаным Нариманова·