Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Дәкебаевқа үкім шықты
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық соты Нұрболат Дәкебаевтың қылмысы дәлелденді деп тапты. Жүргізушінің өзі “арандатты” деген нұсқаға сыни қарайтынын мәлімдеді. Сот Дәкебаевты 2 жылға бас бостандығынан айырды. Соңғы сөзінде Нұрболат Дәкебаев жәбірленушіден, қоғамнан кеш

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық соты Нұрболат Дәкебаевтың қылмысы дәлелденді деп тапты. Жүргізушінің өзі “арандатты” деген нұсқаға сыни қарайтынын мәлімдеді. Сот Дәкебаевты 2 жылға бас бостандығынан айырды.
Соңғы сөзінде Нұрболат Дәкебаев жәбірленушіден, қоғамнан кешірім сұрап, өзін бас бостандығынан айырмауды өтінген еді. Ол тергеу изоляторында 7 ай отырған. Оның тергеу изоляторында отырған бір күні түзету мекемесінде екі күн болып есептеледі.
Жәбірленуші сотталушыдан 5 млн теңге талап еткен.
Еске салсақ, Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали есімді жігіт атышулы оқиғаның қалай болғанын айтып берген болатын.
Кейін «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру бойынша күдікті Нұрболат Дәкебаев қолға түсіп, кешірім сұрады.
Осы оқиға қоғамды дүрліктіргенде депутаттар да пікір білдіріп, бұзақыны ел алдында қатаң жазалау керек екенін айтқан еді. Мәселен, депутат Елнұр Бейсенбаев Дәкебаевтың әрекетін әбден шектен шыққандық деп бағалаған.
Сондай-ақ бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам жазалануы керек деп есептейді. Оның айтуынша, Сенатқа еніп кеткен денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасына қызмет бабындағы медицина қызметкерлерін қорғайтын қосымша норма енгізу керек.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·