Жастар қауіпсіздігіне арналған «Студенттер заң үшін» галстуксыз форматтағы форум
Облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Ерекше назар жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда. Өйткені олар жеткіліксіз хабардар бол

Облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Ерекше назар жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда. Өйткені олар жеткіліксіз хабардар болуына немесе «әдемі өмірдің» арбауына түсу қаупіне байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге тартылып кетуі мүмкін.
Әңгіме алаяқтық, дропперлік, есірткі қалдыру (закладка), сондай-ақ буллинг пен лудомания сияқты қылмыстар туралы болып отыр.
Осыған байланысты кезекті іс-шара, ашық диалог форматында 3 университет пен 20 колледждің студенттерімен өткізілді.
Кездесу «галстуксыз» ашық диалог форматында қызу өтті.
Диалогтың негізгі ұрандары: «Заң мен тәртіп әр адамнан басталады», «Құқықтық тәртіп – дамыған қоғамның кепілі», «Жастар – Қазақстанның болашақтың заңды мұрагерлері».
Студенттер мен олардың кураторлары прокурорларға, Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығына, қала әкімінің орынбасарына түрлі тақырыптарда белсенді түрде сұрақтар қойды.
Аудиторияны негізінен интернет-алаяқтықтан қорғану, киберқылмыстар, өзге тұлғаларға ИП ашу тәуекелдері, сондай-ақ банк карталарын бөгде адамдарға беру мәселелері қызықтырды.
Жеке деректердің таралуы, балаларды тыйым салынған контенттен қорғау, облыс орталығы көшелерінің абаттандырылуы мен жарықтандырылуы сияқты сұрақтар да көтерілді.
Барлық сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап берді.
Сонымен қатар, анонимді форматта блиц-сауалнама жүргізіліп, студенттер қағаз жүзінде және QR код арқылы 100-ден астам сұрақ пен ұсыныс жолдады.
Студенттерді прокуратурада жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар, медициналық қызмет сапасын арттыру және басқа да мәселелер қызықтырды. Жекелеген сұрақтар мен ұсыныстар сол жерде талқыланып, пікірлер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша әрбір білім беру мекемесінде студенттік «Заң. Тәртіп. Болашақ» қозғалысын құру туралы шешім қабылданды.
Бұл қозғалыс студенттер қауымдастығының құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысуға бағытталған.
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·