Жас жігіт әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, тұншықтырып өлтірген
Қырғызстанның Ош қаласында 1987 жылы туған әйел өз үйінде тұншықтырып өлтірілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Оқиға 14 сәуір күні «Ак-Тилек» шағынауданында орын алған. Төтенше жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жедел тергеу тобы мен қалалық ІІБ ба

Қырғызстанның Ош қаласында 1987 жылы туған әйел өз үйінде тұншықтырып өлтірілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оқиға 14 сәуір күні «Ак-Тилек» шағынауданында орын алған. Төтенше жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жедел тергеу тобы мен қалалық ІІБ басшылығы барған.
Алғашқы тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті үйге ұрлық жасау мақсатында кіріп, тұрғынды тұншықтырып өлтірген. Қылмыстан кейін ол марқұмның көлігін айдап кеткен.
Тергеу барысында анықталған маңызды жайттардың бірі – күдікті бұрын осы үйде жалға тұрып келген. Бұл оның үй ішін жақсы білетінін және қылмысқа алдын ала дайындалуы мүмкін екенін көрсетеді.
Қалалық полиция күдіктінің жеке басын анықтады: ол — 2006 жылы туған, Жапалак ауылының тұрғыны. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·