Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жас қыздың қайтыс болған әпкесінің тырнағын өшіріп жатқан видео көпшілікті тебірентті
Әлеуметтік желіде қайтыс болған сіңілісінің тырнағындағы маникюрді өшіріп жатқан әпкенің әрекеті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Видеода арнайы құрылғының көмегімен қыздың тырнағын өңдеп жатқан сәт бейнеленген. Бұл көрініс әлеуметтік желі қ

Әлеуметтік желіде қайтыс болған сіңілісінің тырнағындағы маникюрді өшіріп жатқан әпкенің әрекеті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Видеода арнайы құрылғының көмегімен қыздың тырнағын өңдеп жатқан сәт бейнеленген. Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.
Видео көпшіліктің көңілін босатып, кей оқырмандар дүниеден өту мен жерлеу рәсімдеріне қатысты салт-дәстүрлерді еске алды. Жазылған пікірлер арасында:
– «Жас қыз өлемін деп ойламайды ғой»,
– «25-тен ассам да маникюр, кірпік жасатудан қорқамын»,
– «Менің де сіңілім қайтыс болғанда дәл осылай тырнағын өшіргенбіз»,
– «Алла қалай жаратса, солай кету керек»,
– «Кірпікті шауып тастау керек»,
– «Кірпік істеткем, Құдай кешірсін», – деген пікірлер жиі кездеседі.
Бұл жағдай қоғамда дәстүрлі ислам талаптары мен заманауи сұлулық стандарттарының үйлеспеушілігіне қатысты пікірталас туындатты. Дін мамандарының айтуынша, қайтыс болған адамды табиғи күйінде жерлеу – ислам талаптарына сай. Сондықтан тырнақ, кірпік, шаш сынды өзгерістерді қалпына келтіру кей өңірлерде қалыптасқан дәстүрге айналған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Правительство приступило к комплексной реализации плана по развитию культуры чтения и формированию читающей нации
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Арыси пьяная водительница насмерть сбила трех человек и скрылась
Жаннұр Еділбаева·