Жарыс кезінде Ертіске құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесі табылды
Фото: Абай облысының ПД Абай облысында жарыс кезінде Ертіс өзеніне құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесін балықшылар тапты, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. 10 қаңтарда түнгі уақытта ТЖД кезекші пультіне жергілікті балықшылардың су астынан жоғалған жолаушыл

Фото: Абай облысының ПД
Абай облысында жарыс кезінде Ертіс өзеніне құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесін балықшылар тапты, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
10 қаңтарда түнгі уақытта ТЖД кезекші пультіне жергілікті балықшылардың су астынан жоғалған жолаушылардың бірінің денесін тапқаны туралы ақпарат түскен. Хабар түскеннен кейін ТЖД қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, кейін дене туыстары арқылы анықталды.
Қазіргі уақытта екінші жоғалған адамды іздеу жұмыстары күндізгі уақытта күн сайын жалғасуда.
Іздеу шараларына 100-ден астам адам, моторлы 13 қайық, 2 пилотсыз ұшу аппараты, 3 эхолот және 1 суасты дроны тартылған.
Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Абай облысында Ертіс өзенінінің жағасындағы жарыс кезінде жардан автокөлік құлап кеткен еді.
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Еркебұлан Тоқтар оқырманының еміне гонорарынан 50 мың доллар аударды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«Жаным жай таппай.. »: Гүлзира Айдарбекова белгілі блогердің ота үстелінде көз жұмғанын жеткізді
Айдар Керім·

Оқиғалар
Келімсектің кесірі: мас шетелдік Алматы әуежайын қиратып кетті
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
Айдар Керім·