Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Жартылай реформа дәуірі аяқталды»: сарапшы Президент мақаласын талдады

Саясаттанушы Жанат Момынқұлов Президенттің бүгін жарияланған «жаңғыру кезеңі» туралы мақаласына қатысты Todayinfo порталына сыни пікірін білдірді. Сарапшының пайымдауынша, бұл жай ғана кезекті үндеу емес, мемлекеттік аппарат пен саяси элитаға жолданған нақты сигнал. Мемлекет басш

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
«Жартылай реформа дәуірі аяқталды»: сарапшы Президент мақаласын талдады
Саясаттанушы Жанат Момынқұлов Президенттің бүгін жарияланған «жаңғыру кезеңі» туралы мақаласына қатысты Todayinfo порталына сыни пікірін білдірді. Сарапшының пайымдауынша, бұл жай ғана кезекті үндеу емес, мемлекеттік аппарат пен саяси элитаға жолданған нақты сигнал. Мемлекет басшысының жаңа мақаласы бұған дейін басталған саяси модернизацияның заңды жалғасы іспетті. Алайда, бұл жолы екпін жаңа заңдар қабылдауға емес, олардың нақты нәтижесіне ауысқан. Саясаттанушының пікірінше, қазіргі жүйеде конституциялық өзгеріссіз модернизация жасау ресурсы таусылғанға ұқсайды. Билік алдағы өзгерістерді тағы да референдум арқылы бекітуді көздеп отыр. Бұл қадам – мемлекеттік басқару жүйесін қайта пішіндеу және билік легитимдігін нығайтудың бір тәсілі болмақ. Билік элитасына соңғы ескерту ме? Сарапшы Жанат Момынқұлов бұл мақаланы билік жүйесінің ішіне бағытталған қатаң ескерту деп бағалайды. Президент үкіметке, әкімдерге және жалпы саяси элитаға «жартылай реформалар дәуірі аяқталғанын» ашық аңғартқандай. Бұған дейінгі «компромистік модель», яғни реформа жарияланғанымен, жүйенің өзгеріссіз қалуы енді жарамайды. Ендігі басты талап – бизнес пен қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейту. Мемлекеттік институттар жаңа ережемен жұмыс істеуге көшуі тиіс. Бұл – шенеуніктер үшін «уақыт ұту кезеңінің» біткенін білдіреді. Тарих және идеология: Сталин есімі неге аталды? Мақалада тарихи таным мәселесі де шет қалмаған. Президенттің «өткен кезеңнің абстрактылы батырларын аңызға айналдыру» туралы сөзі мен Сталин туралы мысалы сарапшылар арасында қызу талқы тудырды. Жанат Момынқұловтың айтуынша, бұл идеологиялық бағыттың өзгеруін меңзеуі мүмкін.
«Президент Сталин туралы бірінші рет айтып тұрған жоқ. Бұл саясаттың оңшылданудан гөрі, солшылдана бастауы ма? Енді Алаш қайраткерлерінен гөрі, Рысқұлов, Қонаев сияқты тұлғаларды жиі естиміз бе деген сауал туындайды», – дейді сарапшы.
Сонымен қатар, геосаяси жағдай шиеленіскен тұста Қазақстанның сыртқы қысыммен емес, өз ішкі эволюциялық жолымен дамитыны айқын көрсетілген.

Ұқсас материалдар

«Жартылай реформа дәуірі аяқталды»: сарапшы Президент мақаласын талдады · Todayinfo