Тұрғындары күшті жер сілкінісін бастан өткеріп, қыстың қатал жағдайына шыдап жатқан Жапонияның орталығындағы Ното түбегінде сейсмикалық белсенділік жалғасуда, деп хабарлайды NHK World-Japan.
Жапонияның метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, Ното түбегіндегі жер сілкінісінің саны бірте-бірте азайып келе жатқанымен, сейсмикалық белсенділік әлі бәсеңсімеген.
Сейсенбіде Сика қаласында жапондық шкала бойынша 0-ден 7-ге дейін, қарқындылығы 5-тен төмен жер сілкінісі болды.
Сәрсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, 1 қаңтардағы жер сілкінісінен бері қарқындылығы 1 немесе одан жоғары 1429 жерасты дүмпуі тіркелді.
Жер сілкінісінен зардап шеккендердің мәселесін салқын күн райы да қиындатып тұр. Сәрсенбі күні таңертең Сика қаласында түнгі температура -4°C-қа дейін, Исикава префектурасындағы Судзу қаласында -3°C-қа дейін төмендеді. Көршілес Тояма қаласындағы префектурада ауа температурасы -2,9°С-қа дейін салқындады.
Эвакуацияланған адамдардың көбісі баспаналарда ұзақ тұру салдарынан ауырып жатыр.
Бұған дейін Жапониядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 221 адамға жеткені хабарланған.
Қаза болғандардың ішінде 13 адам уақытша баспанада денсаулығының нашарлауынан қайтыс болды деп шамаланып отыр.
Todayinfo.kzЖапонияда жерасты дүмпулері жалғасып жатыр
Тұрғындары күшті жер сілкінісін бастан өткеріп, қыстың қатал жағдайына шыдап жатқан Жапонияның орталығындағы Ното түбегінде сейсмикалық белсенділік жалғасуда, деп хабарлайды NHK World-Japan . Жапонияның метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, Ното түбегіндегі жер сілкіні

Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·