Жаңа LRT жүйесінде орыс тілі жоқ – жолаушылар назары қазақша мен ағылшыншаға бағытталмақ
Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне жеткізілген жаңа вагондарда жолаушыларға арналған ақпарат тек қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Жолаушылар назарына ұсынылатын мәліметтер арасында аялдамалар тізімі, қауіпсіздік ережелері және бағыт

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне жеткізілген жаңа вагондарда жолаушыларға арналған ақпарат тек қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Жолаушылар назарына ұсынылатын мәліметтер арасында аялдамалар тізімі, қауіпсіздік ережелері және бағыт сызбасы бар.
Бұған дейін қоғамдық көліктерде қазақ, орыс және кейде ағылшын тілдері қатар қолданылып келсе, енді LRT жүйесінде тек екі тіл таңдалып отыр.
Әзірге бұл шешімнің себебі мен ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, 11 маусым күні елордада LRT-ның алғашқы құрамын рельске көтеру және техникалық тексеру жұмыстары жүргізілген болатын.
Бұл – ұзақ уақыт тоқтап тұрған жоба аясындағы алғашқы нақты қадамдардың бірі.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·