«Қолөнершілер үйінің» лентасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, «Алматы қолөнер палатасы» Қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева және Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты бойынша Вице-президенті, «Aspara Fashion Week» халықаралық сән апталығының президенті Айдархан Қалиев қиды.Хабтың ашылуы — ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан креативті индустрияны қолдау саясатының нақты көрінісі. «Қолөнершілер үйі» 190-ға жуық шеберді біріктіріп, олардың кәсібін дамытуға, өнімдерін нарыққа шығаруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Аталған нысан – Жамбыл өңірінде креативті кәсіпкерлікті, ұлттық қолөнерді және жастар шығармашылығын қолдайтын жаңа орталық болмақ. Айта кетейік, Тараз қаласы – 2022 жылдан бері «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие. Шаhар ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар тізіміне ену жолында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.
Жамбыл облысында креативті индустрияны дамытуға арналған алғашқы хаб іске қосылды
Жамбыл облысында креативті индустрияны дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды — Тараз қаласында өңірдегі алғашқы ауқымды шығармашылық алаң «Қолөнершілер үйі» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Қолөнершілер үйінің» лентасын Жамбыл облысы әкімін

Жамбыл облысында креативті индустрияны дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды — Тараз қаласында өңірдегі алғашқы ауқымды шығармашылық алаң «Қолөнершілер үйі» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ұқсас материалдар

Жамбыл облысы
Жамбылда 1 млрд долларлық химия кешенінің жаңа кезеңі басталды
Жаннұр Еділбаева·

Жамбыл облысы
Жамбыл облысында кәсіпкерлерге берілген несие көлемі 41,6 млрд теңгеге жетті
Жаннұр Еділбаева·

Жамбыл облысы
«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында қоғамдық орындарды ластаған 392 тұрғын жауапқа тартылды
Айдар Керім·

Жамбыл облысы
Жамбыл облысына 218,1 млрд теңге инвестиция тартылды
Жаннұр Еділбаева·