Жамбыл облысында әкімдік 335 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы Байзақ ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің қызметінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Заңн

Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының прокуратурасы
Байзақ ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің қызметінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Заңнама талаптарын бұза отырып, сәуірде аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мердігермен «бір көзден» 125 млн теңгеге келісімшарт жасаған.
Басқа жағдайда, сатып алуды өткізу кезінде кәсіпкерлердің қатысуын шектейтін және қиындататын, сондай-ақ мүгедектігі бар қоғамдық бірлестіктердің құқығына нұқсан жасайтын талаптар негізсіз белгіленген.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша барлығы 335 млн теңгеден астам сатып алу тоқтатылып, кінәлілер жауапқа тартылды.
Қабылданған шаралар кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті қалпына келтіруге бағытталды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·