Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жалағашта Көрісу күні: тұрғындар төс қағысып, үлкендерден бата алды

Жалағаш ауданында Амал мерекесіне орай халықтық серуен өтіп, тұрғындар бір-бірімен көрісіп, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Жалағашта Көрісу күні: тұрғындар төс қағысып, үлкендерден бата алды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Амал мерекесі – Көрісу күні кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында орталық алаңға жиналған халық бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдірді. Бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халықтың бірлігі мен татулығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша тұрғындар қол алысып, төс қағыстырды. Жасы үлкендер жастарға ақ батасын беріп, елге амандық, жұртқа тыныштық тіледі. Мерекелік шарада ұлттық тағамдардан дастарқан жайылып, қазақтың бай салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары насихатталды.

Амал мерекесі – Наурыздың бастауы саналатын, ағайын арасындағы сыйластықты арттырып, татулық пен мейірімділікті дәріптейтін игі дәстүр. Көрісу күні халықтың бір-біріне деген құрметі мен ықыласын көрсететін ерекше мереке болып саналады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Жалағашта Көрісу күні: тұрғындар төс қағысып, үлкендерден бата алды · Todayinfo