Сонымен қатар, қазір заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 15 азаматқа іздеу жарияланған.«Заңсыз айналымнан ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулеткалар, жалпы алғанда 1 555 заттай айғақ және 98,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленді. Жалпы көлемі 270 278 071 теңгеге бағаланатын мүлікке тыйым салынды. Алынған қылмыстық табыс қаражаты 70 519 329 теңгені қамтыды», – делінген агенттіктің ресми жауабында.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 15 азамат іздеуде жүр
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2023 жылы қаржылық мониторинг органдарының өндірісінде заңсыз ойын бизнесі бойынша 95 қылмыстық іс болған. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе аз (2022 ж. – 170). 2022 жылы заңсыз ойын бизнесі фактілері бойынша сотқа дейінгі 135

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2023 жылы қаржылық мониторинг органдарының өндірісінде заңсыз ойын бизнесі бойынша 95 қылмыстық іс болған. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе аз (2022 ж. – 170).
2022 жылы заңсыз ойын бизнесі фактілері бойынша сотқа дейінгі 135 тергеу тіркелген болса, былтыр бұл көрсеткіш қысқарып, 82 іс тергелген.
Агенттік дерегі бойынша, 2023 жылы 27 астыртын және 10 онлайн казино, 16 компьютерлік зал, 9 букмекерлік кеңсе және әлеуметтік желі арқылы ойын тарататын 6 онлайн ойын-сауық, бизнес сайтының қызметі тоқтатылған.
Заңсыз құмар ойындарды тарататын шетелдік сайттар мен аккаунттарды бұғаттау бойынша қабылданған алдын алу шаралары нәтижесінде былтыр 4,2 мың сілтеме бұғатталды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·