Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

«Заң мен тәртіп»: Алматыдағы қанды көлік апатынан кейін полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

  Фото: ІІМ 21 наурыз күні Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апатынан кейін ірі лауазымды тұлғаларды жазалау жалғасып жатыр. Zeekr автокөлігі жоғары жылдамдықпен қарсы бағыттағы Mercedes көлігіне соғылып, 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиғадан кейін

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Заң мен тәртіп»: Алматыдағы қанды көлік апатынан кейін полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
  Фото: ІІМ
21 наурыз күні Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апатынан кейін ірі лауазымды тұлғаларды жазалау жалғасып жатыр. Zeekr автокөлігі жоғары жылдамдықпен қарсы бағыттағы Mercedes көлігіне соғылып, 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиғадан кейін үш шенді полицей жұмыстан қуылып, тағы біреуі қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі сот санкциясымен қамауға алынды. Тексеру барысында жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. Осы оқиғаға қатысты екі бірдей іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал департамент басшыларының бірінің жүргізушісі қамауға алынды.
«Мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Министрдің бұйрығымен жұмыстан Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары (сыртқы қызмет пен жол қауіпсіздігін қадағалайтын), Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Ұқсас материалдар