Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен кейін құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Іздеу-құтқару жұмыстары барысында Катиа-ла-Мар қаласындағы құлаған тұрғын үйдің қирандылары астынан 23 жастағы модель әрі сұлулық байқауының жеңімпазы Скарлент Родригестің және оның сүйіктісі Хосе Кастроның мәйіттері табылды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қос ғашық болған ғимарат күшті жер сілкінісі кезінде опырылып түскен. Туыстары соңғы сәтке дейін олардың аман қалғанына үміттенген.

Скарлент Родригес Венесуэланың атынан бірнеше сұлулық байқауына қатысқан. 2025 жылы ол «Miss Grand Orlando» байқауында жеңімпаз атанып, кейін «Miss Grand Florida» байқауына қатысқанымен, бас жүлдені иелене алмаған.

Еске салсақ, Венесуэлада сәрсенбі күні араға бірнеше секунд салып екі қуатты жер сілкінісі болды. Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті. 11 мыңнан астам адам жарақат алып, ондаған мың тұрғын әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында.