- Сотталушы ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға билік етумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. ҚК-нің 63-бабына сүйене отырып, пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі, – делінген сот хабарламасында.Үкім заңды күшіне енді.
Ұлытау облысында балабақша есепшісі сотталды
Ұлытау облысында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлаған балабақша есепшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo. Сотта анықталғандай, айыпталушы 2021-2023 жылдры жалақысын жасанды түрде арттырып, банктегі шот

Ұлытау облысында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлаған балабақша есепшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.
Сотта анықталғандай, айыпталушы 2021-2023 жылдры жалақысын жасанды түрде арттырып, банктегі шотына жалпы көлемі 15 миллионнан астам теңге аударған. Сотталушының кінәсі оның кінәні мойындауымен, куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен, сотта зерттелген тергеу және жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталады. Шынайы өкінуі, келтірілген зиянды толық өтеуі және асырауында үш кәмелетке толмаған баланың болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·