Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ұлттық Құрылтайды ұйымдастыру: Тоқаев Қызылорда облысының әкіміне жоғары баға берді

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин Қызылорда қаласында өткен Бесінші Ұлттық құрылтайдың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, Құрылта

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Ұлттық Құрылтайды ұйымдастыру: Тоқаев Қызылорда облысының әкіміне жоғары баға берді

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин Қызылорда қаласында өткен Бесінші Ұлттық құрылтайдың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Құрылтайдың Қызылордада өтуі өңірдің ұлттық деңгейдегі ауқымды іс-шараларды қабылдауға толық дайын екенін айқын көрсетті. Ұйымдастыру жүйелі, жоспарлы әрі нәтижеге бағытталған форматта өткен. Барлық процестер уақытында, үйлесімді және жоғары стандарттарға сай жүзеге асырылған.

Депутат логистика, қауіпсіздік және қатысушыларды қабылдау мәселелері де тиімді ұйымдастырылғанын атап өтті. Делегацияларды қарсы алу, орналастыру, қозғалыс маршруттары мен қауіпсіздік шаралары нақты алгоритм бойынша іске асқан. Қызметтердің өзара үйлесімді жұмысы іс-шараның жалпы сапасына тікелей әсер еткен.

Максим Рожиннің пікірінше, Қызылордадағы Құрылтайдың басты ерекшелігі — өңірлік форматта ұйымдастырылғанына қарамастан, мазмұны мен деңгейі жағынан толыққанды «астаналық стандартқа» сай болуы. Бағдарламаның нақты құрылымы, уақытты тиімді басқару, техникалық және ұйымдастырушылық детальдардың мұқият ойластырылуы бұл Құрылтайды алдыңғы отырыстармен салыстырғанда айрықша еткен. Құрылтай мүшелерінің өзі бұл жиынды бұрын өткен құрылтайлардың ішіндегі ең үздігі ретінде бағалап отыр.

Сондай-ақ депутат өңірлік форматтың Ұлттық құрылтай жұмысына оң әсер еткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл тәсіл орталық пен өңір арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті контексті ескеруге мүмкіндік берген. Соның нәтижесінде Құрылтай жұмысы формальды емес, мазмұнды әрі практикалық сипат алған.

Қызылорда облысы әкімдігі бұл деңгейдегі жиынды өткізуге толық дайын екенін көрсетті. Өңірде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі айқын байқалады. Жаңа әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілуі, жаңа жылу электр орталығының іске қосылуы, қала тұрғындарының тұрақты ыстық сумен қамтылуы — мұның барлығы тиімді басқару мен жоғары ұйымдастырушылық қабілеттің дәлелі.

Депутат Мемлекет басшысының Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың жұмысына берген жоғары бағасын осы еңбектің институционалдық деңгейде мойындалуы ретінде бағалады. Қаланың тазалығы, абаттандырылуы мен көгалдандырудың жүйелі жүргізілуі де халықтың нақты сұранысына бағытталған басқару моделінің қалыптасқанын көрсетеді.

Жалпы алғанда, Максим Рожин Қызылордада өткен Бесінші Ұлттық құрылтай өңірлік басқарудың жаңа сапалық деңгейге шыққанын және алдағы уақытта мұндай форматтағы ұлттық маңызы бар іс-шараларды тұрақты түрде қабылдай алатынын айқын дәлелдеді деп түйіндеді.

Ұқсас материалдар

Ұлттық Құрылтайды ұйымдастыру: Тоқаев Қызылорда облысының әкіміне жоғары баға берді · Todayinfo