Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева бес айдан бері президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz BES.media басылымына сілтеме жасап. Сара Назарбаева туралы сұраққа жауап берген а

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева бес айдан бері президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz BES.media басылымына сілтеме жасап.
Сара Назарбаева туралы сұраққа жауап берген аурухана өкілдері науқастың ауруханада жатқанын растап, жағдайы туралы ақпараттың дәрігерлік құпия екенін айтқан.
“Науқас Ұлттық госпитальде белгіленген медициналық стандарттарға сәйкес тәжірибелі мамандардың бақылауымен ем қабылдап жатыр”, – делінген аурухана директоры Асхат Браловтың қолы қойылған жауапта.
Жауапта "халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 273-бабына сәйкес, науқастың диагнозы, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы ақпарат дәрігерлік құпияға жататыны айтылған. Оларды жариялау тек науқастың өз келісімімен немесе заңда нақты көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Тоқаев Ішкі істер министрінің есебін тыңдады
Айғаным Нариманова·