UFC-дегі алғашқы жеңіс: Әліби Ыдырыс Хьюстонда қарсыласын тізе бүктірді
Қазақстандық файтер Әліби Ідіріс Хьюстонда өткен UFC турнирінде жеңіске жетті. Ол ямайкалық Оде Осборнды төрешілер шешімімен ұтты.

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс әлемнің ең мықты лигасы саналатын UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен турнирде ямайкалық Оде Осборннан басым түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен отандасымыздың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Әліби Ыдырыс (12-1) кәсіби мансабындағы 12-жеңісін тойлады. Оның қоржынында бір ғана жеңіліс бар. Ал оның қарсыласы Оде Осборн (13-10) оныншы рет жеңілістің кермек дәмін татты.
Бұл – Ыдырыстың UFC аясындағы екінші жекпе-жегі. Ол промоушенмен ұзақмерзімді келісімшартқа отырғаннан кейін бірінші рет октагонға шығып отыр.
Еске салсақ, былтыр тамызда ол The Ultimate Fighter (TUF) шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске екінші раундта есе жіберіп, мансабындағы алғашқы сәтсіздікке ұшыраған еді.
Оде Осборнның қазақстандық файтермен кездесуі бірінші рет емес. Ол 2023 жылы тағы бір жерлесіміз Асу Алмабаевтан мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын.
Фото: UFC
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·