Үндістанда лаңкестік ұйым туристерге оқ жаудырған: ондаған адам көз жұмды
Үндістанның Кашмир аймағындағы Байсаран аңғарында қарулы адамдар туристерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Todayinfo . Шабуылдан 27 адам қаза тапқан, тағы 12 адам жараланған. News18 India телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, шабуыл «Лашкар-е-Тайба» лаңкестік ұйымымен байланысты қар

Үндістанның Кашмир аймағындағы Байсаран аңғарында қарулы адамдар туристерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Todayinfo.
Шабуылдан 27 адам қаза тапқан, тағы 12 адам жараланған.
News18 India телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, шабуыл «Лашкар-е-Тайба» лаңкестік ұйымымен байланысты қарулы топ тарапынан ұйымдастырылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы – Үндістан азаматтары.
Куәгерлердің айтуынша, әскери киім киген екі адам оқиға орнында атпен жүрген. Олар серуендеп жүрген туристерге оқ жаудырып, шабуыл жасаған. Қанды оқиға орман мен көлдерімен әйгілі Байсаран аңғарында болған.
Жергілікті дәрігерлер жараланғандардың жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Қауіпсіздік күштері оқиға орнында тергеу жүргізіп жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·