Todayinfo.kz
БілімБарлық жазбаларды қарау

ҰБТ-да ереже бұзған 170-тен астам талапкер емтиханнан шеттетілді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші аптасында 178 талапкер ереже бұзушылықтары үшін емтиханнан шеттетілді, олардың нәтижелері жойылды.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
ҰБТ-да ереже бұзған 170-тен астам талапкер емтиханнан шеттетілді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) екінші аптасының қорытындысы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 178 ереже бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 103 адам смартфондар, смарт-көзілдіріктер, микроқұлаққаптар және шпаргалкалар алып кіруге тырысқаны үшін емтиханға кіреберісте-ақ мүмкіндігінен айырылды.

Тағы 75 талапкер тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториялардан шығарылды, олардың нәтижелері толығымен жойылды.

Тексерулер емтихандардан кейін де жалғасады: бейнежазбалар 31 қазанға дейін талданады, алдау әрекеттері анықталған жағдайда нәтижелер де жойылады.

Ұқсас материалдар