Оң болжам бар. Бірақ әзірге нақты күні мен уақытын айта алмаймыз. Жағдай күрделі, мұндай операция бұрын болмаған. Өте мұқият жұмыс істеу керек, - деді ол.Айта кетейік, Павлодар облысы Маңқайың кенішіндегі шұңғырға түсіп кеткен автобуста барлығы 4 адам болған. 2 құтқарушының денесі табылды. Құтқарушылар қалған екі адамды әлі іздеп жатыр. Todayinfo.kz
ТЖМ: "Майқайың кенішіне құлап кеткен автобустағы 2 адам тірі болуы мүмкін"
Майқайың кенішінде шұңқырға түсіп кеткен автобустағы 2 адам тірі болуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды Todayinfo Halyq Uni -не сілтеме беріп. ТЖМ өкілі жағдайдың күрделі екенін мойындады. «Мамандар жерді сканерле

Майқайың кенішінде шұңқырға түсіп кеткен автобустағы 2 адам тірі болуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды Todayinfo Halyq Uni -не сілтеме беріп.
ТЖМ өкілі жағдайдың күрделі екенін мойындады.
«Мамандар жерді сканерлегенде автобустың тұрған жерін болжады. Құрылғы ол жерде металл бар екенін көрсетті. Бұрын оның астында бос кеңістік бары айтылды. Сондықтан құтқарушыларымыз бен мамандар өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Күн суық. Құтқарушылардың да өміріне қауіп төніп тұр.
Себебі, топырақ жылжыса, ондағы жұмыс істеп жатқан техника жерге түсіп кетуі мүмкін. Барлық қауіпсіздік сақталып жатыр. Автобус жатқан ықтимал жерге жақындадық. 2 мың текше метр топырақ шығарылды. Енді эскалатор жұмыс істеп, ақырын топырақты шығарып жатырмыз», - деді Бауыржан Сыздықов Мәжіліс кулуарында.
Министр орынбасарының айтуынша, автобустағы 2 адам (құтқарушы және жүргізуші) тірі болуы мүмкін деген болжам бар.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·