“Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың берген жауаптары, сараптама қорытындысы, қылмыстық іс бойынша басқа да материалдар арқылы дәлелденді. Жеңілдететін мән-жайлар жоқ”, – делінген сот хабарламасында.Сонымен қатар, сот прокуратураға жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін ықтимал заң бұзушылықтар бойынша тексеруді талап етіп, хат жолдады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
«Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды
Фото: видео скриншот Қарағандыда 15 жасар қызға үйленіп, оны зорлаған "күйеуіне" қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қарағандыда 15 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі отбасылық таныстарына қызды тұрмысқа берген. Наурыз айында ер адам

Фото: видео скриншот
Қарағандыда 15 жасар қызға үйленіп, оны зорлаған "күйеуіне" қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қарағандыда 15 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі отбасылық таныстарына қызды тұрмысқа берген. Наурыз айында ер адам баланы жалдамалы пәтерге әкеліп, бірнеше рет зорлаған. Қыз пәтерден қашып шығып, туған әкесінен көмек сұраған.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық істі қарау аяқталды. Кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деп айыпталған 37 жастағы ер адам сот алдында жауап берді.
Прокурор айыпталушыға ең жоғарғы жаза – 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда қорғаушы жазаны жеңілдетуді сұрады.
Іс материалдарымен танысқан сот сотталушының кінәлі ден тауып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған мұғалім болып жұмыс істеуге немесе кәмелетке толмағандар қатысатын лауазымдарды атқаруға біржола тыйым салынды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
За два месяца КНБ добился осуждения 13 человек по террористическим и экстремистским статьям
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Астане пресечена схема незаконного оформления ИИН иностранцам
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанада ЖСН “саудасы”: шетелдіктерге құжат заңсыз жасалған
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
13-летний подросток задержан по делу о гибели 12-летнего мальчика в Алматы
Жаннұр Еділбаева·