Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді
Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесінде Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік шара өтті. Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен сотталғандар қатысып, мемлекеттік мерекені спорттық жарыстар және патриоттық көңіл-күймен

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесінде Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік шара өтті.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен сотталғандар қатысып, мемлекеттік мерекені спорттық жарыстар және патриоттық көңіл-күймен атап өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мереке Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталды. Одан кейін қатысушылар гір спорты, армрестлинг (қол күресі), арқан тарту және қазақша күрес сияқты спорт түрлерінен өзара бақ сынады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар сотталғандардың рухани дамуына, командалық бірлікті нығайтуға және елге деген құрмет сезімін арттыруға бағытталған.
Іс-шараға белгілі спортшылар да келіп, қатысушыларға қолдау көрсетті. Олардың қатарында — ММА жауынгері Еламан Шертаев (Naiza FC, RCC ұйымдарының қатысушысы), Жасұлан Әкімжанов, Азамат Бақытов, Жанқош Тұраров, Қанат Қозығаров, Нұрберген Шәріпов, Саид Джусупов және Сұлтан Асылбеков бар.
Қонақтар бұл кездесудің маңызды екенін айтып, мұндай іс-шаралар адамдарға қоғаммен байланысын сақтауға, өз күшіне сенуге және жаңа өмірге үмітпен қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Бұл күн — Қазақстан халқының тәуелсіздігі мен бірлігінің символына айналған мемлекеттік мереке.
Ұқсас материалдар

Жетісу облысы
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жалғасуда
Айдар Керім·

Жетісу облысы
Области Жетісу – 4 года: в селах Ескельдинского района решен ряд многолетних проблем
Todayinfo Admin·

Жетісу облысы
Бейбіт Исабаев қаза болған құтқарушының туыстарына мемлекеттік награда табыстады
Жаннұр Еділбаева·

Жетісу облысы
Фестиваль "Цветение яблони Сиверса" прошел в Жетісу
Жаннұр Еділбаева·