Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Түрмеде отырып ақша бопсалағандар қайта сотталды

Абай облысында түрме ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрған 8 адамға үкім шықты, деп хабарлайды Todayinfo . Облыстық прокуратураның хабарлауынша, сотталған адамдардан құралған қылмыстық топ түзеу мекемесінде басқа сотталушыларға күш көрсетіп, қысым жасап, олардан ақша бопсалаған.

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Түрмеде отырып ақша бопсалағандар қайта сотталды

Абай облысында түрме ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрған 8 адамға үкім шықты, деп хабарлайды Todayinfo.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, сотталған адамдардан құралған қылмыстық топ түзеу мекемесінде басқа сотталушыларға күш көрсетіп, қысым жасап, олардан ақша бопсалаған.

«Қаражат физикалық зорлық-зомбылық, психологиялық қысым және қорлау сипатындағы «жиналыстар» арқылы алынған. Мұндай жиналыстарда жәбірленушілер өз ақшаларынан «ерікті түрде» бас тартуға мәжбүр болған», – делінген ресми мәлімдемеде.

Қылмыстық істің күрделілігіне байланысты тергеуді облыс прокуратурасы жүргізген. Тергеу нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз тұрақты мүшесі анықталған.

«Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 1 және 2-бөліктері (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған қатысу) және 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы (бопсалау) бойынша сотқа жолданды», – деп нақтылады ведомстводан.

Сот үкімі бойынша сегіз айыпталушы кінәлі деп танылып, олар 8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал тоғызыншы күдікті үкім шықпай тұрып қайтыс болғандықтан, оған қатысты іс қысқартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото:freepik

Ұқсас материалдар

Түрмеде отырып ақша бопсалағандар қайта сотталды · Todayinfo