Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Түркістандағы референдум: сайлауға Қыдыр Ата келіп, көпшілікке бата берді

Түркістанда өткен референдумда өнерпаздар ерекше шара ұйымдастырды. Сайлау учаскесіне көш бастап келген Қыдыр Ата халыққа бата берді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Түркістандағы референдум: сайлауға Қыдыр Ата келіп, көпшілікке бата берді

Түркістан қаласында өткен республикалық референдум кезінде жергілікті өнер майталмандары сайлауға ерекше дайындықпен келіп, ұлттық нақыштағы көшпен дауыс берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Маңызды саяси науқанға орай мәдениет саласының қызметкерлері сайлаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен. Олар қазақтың ұлттық дәстүрін жаңғыртып, сайлау учаскесіне көш түзеп келді.

Ерекше керуеннің басында ақ киім киген Қыдыр Атаның өзі болды. Ол алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасап, азаматтық парызын орындады.

Сайлау учаскесіне жиналған халықтың алдында Қыдыр Ата елдің болашағына жарқын тілек тілеп, батасын берді.

"Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа ырыс-несібе кірсін. Жаңа Конституция жарқын болашаққа бастасын!" – деді ақсақал.

Одан кейін өнерпаздар әннен шашу шашып, күмбірлеген күймен көпшіліктің рухын көтерді. Бұл шара ел бірлігі мен азаматтық белсенділіктің маңызын көрсетті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Түркістандағы референдум: сайлауға Қыдыр Ата келіп, көпшілікке бата берді · Todayinfo