Түркістанда мемлекеттік туды қорлаған жігіт сотталды
Іс материалдарын сәйкес, биыл 14 сәуірінде жігіт Түркістан қаласының орталық көшесімен көлік жүргізіп келе жатып, телефонына ілініп тұрған мемлекеттік туды камерасына түсіріп алған. Келесі күні ол роликті TikTok-та жариялаған. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының туын « шү

Іс материалдарын сәйкес, биыл 14 сәуірінде жігіт Түркістан қаласының орталық көшесімен көлік жүргізіп келе жатып, телефонына ілініп тұрған мемлекеттік туды камерасына түсіріп алған.
Келесі күні ол роликті TikTok-та жариялаған.
Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының туын «шүберек» деп атаған. Видеоны ұнатпағандар көп болған. Пікір білдірушілер де мемлекеттік рәмізге деген мұндай көзқарасқа наразылық білдірген. Көп ұзамай автор жазбасын өшіріп тастаған, бірақ кейбір қолданушылар полиция мен прокуратураға арыз түсірген. Бұл факт бойынша тергеу басталды.
Жігіттің жеке басы анықталып, ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Роликтің мазмұнын талдаған психологиялық-филологиялық сараптамадан автордың сөзінен Қазақстанның мемлекеттік рәмізін қорлағаны анықталды.
Сотта жас жігіт өз кінәсін толық мойындап, өкініп, кешірім сұрады.
Тергеуден жиналған материалдар негізінде оның кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен ол бір жыл бас бостандығын шектеу жазасына және жүз сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тартылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·