Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ ұсталды (ВИДЕО)
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ ұсталды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, полиция Шардара мен Жетісай ауданында жер қойнауын заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтаған. Күдіктілер сонымен бірге атыс қаруын сақтаумен және жеңгетайлықпен айналысқан. Нақтырақ ай

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, полиция Шардара мен Жетісай ауданында жер қойнауын заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтаған. Күдіктілер сонымен бірге атыс қаруын сақтаумен және жеңгетайлықпен айналысқан.
Нақтырақ айтсақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірігіп, күдікті 9 адамды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады.
Жедел уәкілдер тінту кезінде олардан 1 жүк тиегіш көлік, 7 жүк көлігін, 2 аңшылық мылтық, патрондар және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Бұдан басқа полицейлер Шардара қаласындағы операция кезінде күдіктілердің жезөкшелікпен айналысу үшін притон құрғанын анықтады.
Жедел уәкілдер притонның екі әкімшісін, Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Сондай-ақ ақшалай қаражат пен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазір осы қылмыс бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·