«Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу және жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп хабарлады ведомство.Оқиға орнын қарау кезінде тіркелмеген шолақ мылтық, оқ-дәрілер және гильзалар тәркіленді. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысында полицейлерге оқ атқан азамат қаза тапты
Фото: pixabay Түркістан облысының Мақтаарал ауданында полицейлер ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Полицияға жергілікті келіншек хабарласып, бұрынғы күйеуінің қарумен келіп, кәмелетке толмаған балаларының көзінше жанжал шығарғаны туралы хабарл

Фото: pixabay
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында полицейлер ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға жергілікті келіншек хабарласып, бұрынғы күйеуінің қарумен келіп, кәмелетке толмаған балаларының көзінше жанжал шығарғаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстауға әрекет жасаған, алайда ол үйден жүгіріп шығып, көршінің ауласындағы қораға тығылған. Қауіпсіздік мақсатында аумақ қоршауға алынған.
Құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, ер адам оқ жаудырған. Полицейлер алдымен ауаға ескерту оқ атқан, бірақ ол реакция жасамаған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қызметтік қару қолдануға мәжбүр болды. Ер адам алған оқ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан наращивает промышленный потенциал: новые заводы, энергетика и инвестиции в регионах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
БҚО ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНДЫ
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
«Жалақыны реттесін, бастық қазақ болсын»: Жамбыл облысындағы фосфор зауытының жұмысшылары бас көтерді
Айғаным Нариманова·