Түркістан облысында 500-ге жуық елді мекенде өртке қарсы минералды жолақтар сызылған
Түркістан облысы аумағындағы 478 елді мекен жиегінде өртке қарсы минералды жолақ жырту және құрғақ шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мейрамхан Кемелханов мәлім

Түркістан облысы аумағындағы 478 елді мекен жиегінде өртке қарсы минералды жолақ жырту және құрғақ шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мейрамхан Кемелханов мәлімдеді.
"Облыс аумағында 37 маусымдық өрт сөндіру бекеттерін құру жоспары бекітіліп, бүгінгі күнде 25 бекет құрылды. Өрт маусымының басталуына орай 14 мобильді топ құрылып, рейдтік шаралар өтті. Өңірде 14 мыңнан астам шақырым минералды жолақтар жүргізілді. Жыл басынан орманды жерлерде 278 гектар алқапты қамтыған 8 өрт тіркелді. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтамаған тұлғаларға заң аясында жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 50 АЕК, шағын кәсiпкерлiк нысандары немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК, орта кәсiпкерлiк нысандарына – 300 АЕК, iрi кәсiпкерлiк нысандарына - 500 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынатын болады"-деді сала басшысы.
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Todayinfo редакциясы·

Түркістан облысы
Алқаптардағы «айқас»: 9 ауданда жалпы 275 мың гектар өңделді
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Су үнемдеу – басты назарда: Шардарада агросала мәселелері талқыланды
Жаннұр Еділбаева·