Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде
Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары 372,0 мың га аумаққа жоспарланған. Әр ауданға облыстық басқармалар мен мекеме басшыларынан жауаптылар бекітілді. 4 жедел штаб құрылып, жұмыс күші жасақталды, деп хабалайды Todayinfo ақпараттық аге

Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары 372,0 мың га аумаққа жоспарланған. Әр ауданға облыстық басқармалар мен мекеме басшыларынан жауаптылар бекітілді. 4 жедел штаб құрылып, жұмыс күші жасақталды, деп хабалайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Шұғыл штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары бойынша штаб жұмысын жіті қадағалауға алған.
Шегіртке зиянкесіне қарсы 1 058,0 мың га аумақ зерттеу жоспарланып, қазіргі таңда 887, 3 мың га зерттелді. Оның ішінде, 369,8 мың га аумақ экономикалық зиянды шегінен (ЭЗШ) асты. Бүгінгі күнге 367,9 мың га өңделді.
Шегіртке зиянкесі қоныстанған 9 аудандағы жайылым жер алқаптары 65 аймаққа бөлініп, картасы әзірленді, 65 аумақта жұмысшы топ жасақталды.
2 990 жайылым жер иелеріне хабарлама берілді.
Шегіртке дернәсілдерінің алғашқы шығуы 3-сәуір күні Арыс қаласы аумағында анықталды.
Жұмысшы топ 24/7 режимінде жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, 65 жұмысшы топты тасымалдауға микроавтобустар, су жеткізуге 45 арнайы автокөлік (водовоз), жанар-жағармай жеткізуге 30 арнайы автокөлік (бензовоз) әзірленді.
Жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету аудан-қала әкімдіктері мен демеушілер тарапынан ұйымдастырылуда.
Алғашқы анықталған дернәсіл сатысында аспалы бүріккішпен өңдеу тиімділігі анықталып, жоспарланған 475 дана бүріккішке қосымша 386 дана бүріккіш алынып, жалпы 861 дана аспалы (ранцевый) бүріккішпен жұмыс жүргізілді. Химиялық өңдеу жоспарының 317,8 мың га 257 жер үсті бүрку техникаларымен, 54,2 мың га әуемен 4 бірлік «АН-2» ұшағымен өңдеу жоспарланып, жүзеге асырылды.
Қосымша 41 техника, 5 газогенератор, 12 дрон жұмылдырылды.
Химиялық өңдеуде алғашқы кезеңде «Тиаметрин», «Каратэ»препараттары пайдаланылса, қазіргі таңда шегірткенің жас кезеңі ескеріліп “Ацет 200” препараты қолданылуда.
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Todayinfo редакциясы·

Түркістан облысы
Алқаптардағы «айқас»: 9 ауданда жалпы 275 мың гектар өңделді
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Су үнемдеу – басты назарда: Шардарада агросала мәселелері талқыланды
Жаннұр Еділбаева·