Түркістан: Газ тұтынушыларға жеңілдік ұсынатын "әлеуметтік әмиян" жүйесі жұмыс істейді
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап «Әлеуметтік әмиян» жаңа стартап бастамасы еліміздің барлық аумағында жүзеге асырылуда. Бұл туралы "QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалының бөлім басшысы Майра Байбекқызы мәлімдеді. "Әлеуметтік әмиян" жүйесі – "QazaqGaz Aimaq" АҚ әзірлеге

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап «Әлеуметтік әмиян» жаңа стартап бастамасы еліміздің барлық аумағында жүзеге асырылуда. Бұл туралы "QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалының бөлім басшысы Майра Байбекқызы мәлімдеді.
"Әлеуметтік әмиян" жүйесі – "QazaqGaz Aimaq" АҚ әзірлеген мобильді қосымша. Бұл “EGOV Mobile” қосымшасы арқылы атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға электрондық ваучерлер түрінде тауарлық газға жеңілдік алуға мүмкіндік береді.
"Әлеуметтік әмиян" сервисі – жеңілдік алу процесін оңайлатып, оны жылдам, қолжетімді әрі ыңғайлы етеді. Қазіргі таңда 157 мыңнан астам адам қосымшаны жүктеп алып, жеке шоттарын енгізген. Бүгінде “Forte Bank” пен “QazaqGaz Aimaq” мекемелері арасында келіссөздер жүргізілуде. “Forte Bank” арқылы газ үшін төлем жасаған жағдайда 10% кэшбек, ал “QazaqGaz Aimaq” мобильді қосымшасы арқылы көрсеткіштерді жіберген тұтынушыларға қосымша тағы 1% кэшбек беру мүмкіндігі қарастырылуда"-деді спикер.
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Todayinfo редакциясы·

Түркістан облысы
Алқаптардағы «айқас»: 9 ауданда жалпы 275 мың гектар өңделді
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Су үнемдеу – басты назарда: Шардарада агросала мәселелері талқыланды
Жаннұр Еділбаева·