«Тозақтың отындай көрінеді»: Алматы облысында тау өртеніп жатыр
Алматы қаласының Медеу ауданында Кенсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды, деп хабарлайды Todayinfo . Таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиында

Алматы қаласының Медеу ауданында Кенсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды, деп хабарлайды Todayinfo.
Таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты. Жұмыстар қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштерді қолдана отырып жүргізілуде.
Оқиға орнында жеке құрамнан 50-ге жуық қызметкер және 20-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылған.
Тұрғын үйлерге қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және жою жұмыстары жүргізілуде.
Фото: Todayinfo
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Сталкеры не подпадут под амнистию – Сенат принял закон в двух чтениях
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткендерге рақымшылық қолданылмайды – Сенат заңды мақұлдады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Италии при трагических обстоятельствах скончался студент из Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Суға батып кеткен»: Италияда қазақстандық студент мерт болды
Айғаным Нариманова·