Тоқаев жазушы Дулат Исабековтың жақындарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Todayinfo . – Дулат Исабекұлы ұлағатты ғ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
– Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді.
Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді.
Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды — журналист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Урсула фон дер Ляйен: товарооборот между Казахстаном и ЕС за 10 лет вырос более чем вдвое
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Алматы состоится судебное заседание по делу журналистки Бажкеновой
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Петропавлда тойымсыз банк 11 жастағы тұл жетім қыздан анасының қарызын өтеуді талап етіп, сотқа берді
Жаннұр Еділбаева·