Мемлекеттік мүлік департаментінің қызметкерлері Перизат Қайраттың автокөліктерін белсенді түрде сатып жатыр. Алаяқтық ісі бойынша тәркіленген кезекті машина сауда-саттыққа шығарылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ақ түсті Mercedes-Benz EQE 500 4 matic автокөлігін сату туралы хабарландыру жариялады. Шығарылған жылы – 2023 жыл, мемлекеттік нөмірі – 111 KPK 01.
Автокөліктің бағалау құны – 26 269 000 теңге. Дегенмен машинаның кузовында зақымдар бар:
сол жақ есігі,
сол жақ артқы көрініс айнасы,
жүргізуші жақтағы сол есіктің әйнегі,
сол жақ қанаты,
сол жақ бампері,
сол жақ табалдырығы (подножка),
сол жақ фарасы.
Сауда-саттық 2026 жылғы 9 шілдеде сағат 10:00-де басталады. Өтінімді тек құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, саяси мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ғана бере алады.




