Тоқаев: "Тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөзін айтты. «Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар. Ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп. Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөзін айтты.
«Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар. Ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп.
Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін.
Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады.
Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек»
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Касым-Жомарт Токаев: Казахстан и ЕС открывают новую главу стратегического партнерства
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әкелер күні мерекесіне орай футболдан шеберлік сабақ өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Туркестанской области пресечена деятельность преступной группы
Жаннұр Еділбаева·